Список документов
«Тіл – парасат» атты аудандық байқауы

2014 жылғы қазанның 17 күні «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығында» КММ  «Тіл – парасат» атты аудандық байқауы өтті.

Бұл байқау 3 кезеңнен тұрады:

 1 кезең: Лексика-грамматика бойынша 30 тест тапсырмасы;

               Тыңдалым бойынша 20 тест тапсырмасы;

2 кезең: Эссе жазу;

              Билет тарту арқылы тақырыпқа сай монологты ауызша айту;

              Әділқазылар сұрақтарына жауап беру;

3 кезең: Шығармашылық сайыс.

Әр кезең қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.

Байқауға 6 орта мектеп оқушылары және 3 колледж студенттері қатысты. Қатысушылар бұл байқауға жауапкершілікпен дайындалып келген.

         Сонын ішінде № 1 индустриалды-техникалық колледждің 2 курс студенті Кузовенкова Дарья осы байқауда белсендік танытып 3-ші орынға ие болып, 3-ші дәрежелі дипломмен және сыйлықпен марапатталды.

Автор: Джунусова А. Б
Просмотров: 744
Дата создания: 28 Октября 2014 г.
Дата редактирования: 28 Октября 2014 г.
www.egov.kz
Опрос