Список документов
Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарының түрлі салалардағы, оның ішінде отбасы тәрбиесі (қамқоршылық пен қорғаншылық, бала асырап алу, патронаттық тәрбие) саласындағы құқықтарын сапалы, уақтылы, қолжетімді жүзеге асыруға, сонымен қатар білім, демалыс және т.б. алуға мүмкіндік береді. Ақмола облысының білім Басқармасының «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ Ақмола облысының аумағында техникалық және кәсіптік білім саласындағы білім беру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.  Өз құзырында «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, мониторинг өткізіп жеке тұлғаларға ақпараттық, кеңестік қолдау көрсетіп тұрады. Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтердің реестріне сәйкес «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ 2016 жылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетті. Колледж көрсететін 5 қызметтің ішіндегі 1 қызмет («Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттар көшірмелерін беру» және «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжатта көшірмелерін беру») «Азаматтарға арналған үкімет» қызмет арқылы көрсетіледі. 2016 жылы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ 312

мемлекеттік қызмет көрсетті (оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы – 11 қызмет). Қағаз түрінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, электронндық түрде колледж көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мерзімдеріне арыздар келіп түскен жоқ. Берілген жұмыс тұрақты қадағалауда тұр.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сай колледж көрсететін мемлекеттік қызметтердің тегін екендігін атап айту қажет. 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі қадағалау бойынша жылдық есеп беруде көрсетілген талдамалық мәліметтерге сүйенсек, келесі қызметтер сұранысқа ие: «Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау», «Білім алушыларды техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарына аудару және қайта қабылдау» Осылайша: 1) Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау – 281 қызмет. 2) Білім алушыларды техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарына аудару және қайта қабылдау – 4 қызмет.  Тұрғындарды БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмысы ай сайын өткізілуде. Білім басқармасының ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар, онда мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандартатары, қызмет алушыларға қажетті ақпарат көрсетілген. Колледжде мемлекеттік қызметтердің регламенттері мен стандарттары ақпараттық стендтерде жарияланған. Анықтамалық-ақпараттық, құқықтқы көмек көрсету мақсатында білім басқармасының жанына 8-7162-90-31-16 «Сенім телефоны» қызмет етуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру мақсатында «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарымен бірлесе мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығына бағытталған шараларар (кеңестер, дөңгелек үстел отырыстары, ата-аналар жиналыстары, ашық есіктер күндері) өткізіп тұрады. «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі қадағалауды тұрақты түрде өткізіп тұрады. «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ-нде қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қадағалау бойынша жауапты тұлғалар тағайындалды. Ай сайын мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақтылығының мониторингі өткізіліп тұрады. 2016 жылы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ көрсеткен мемлекеттік қызметтер мерзімдеріннің бұзушылықтары жоқ. 

Бүгінгі күні «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ-нде мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету және жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, №1 индустриалдық-техникалық колледжі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.

Автор: А.Мусин
Просмотров: 163
Дата создания: 16 Марта 2017 г.
Дата редактирования: 16 Марта 2017 г.
www.egov.kz
Опрос