ТІЛ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ МЕН ЖҮРЕГІ

Тіл халықтың қазынасы мен жүрегі

 

  Біздің лицеймізде жыл сайын әртүрлі мерекелік шаралар өткізіп  отырады,соның бірі –қыркүйек айында өткізілетін «Тілдер мерекесі» мен сіздердің назарларыңызға сол мерекелік шараға дайындаған бағдарламамды ұсынып отырмын.

                                                                         Санияз Нұргүл

 

Гимн ойналады 

1-жүргізуші

Бәрімізге 22-нші қыркүйек тілдер мерекесі.Сондықтан бізде бүгін тілденр мерекесіне арнап «Тіл халықтың қазынасы мен жүрегі»атты мерекелік шараға қош келдініздер. «Халықтың мәңгі ғұмыры-оның тілінде», «Әрбір тіл өз халхы үшін - ұлы», -деген Шыңғыс Айтманов,Сондықтан әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей білуі міндетті. «Қазақ тілінен асыл,қазққ тілінен бай тіл жоқ». Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып өтті. «Дүниедегі ең асыл тіл-араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары-қазақ тілі».

2-жүргізуші

«Тіл- адам жанының тілмәші.Тілсіз ұлт,тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес,ондай ұлт құрымақ.Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы. Қазақ тілі-аса бай тіл,икемді тіл. Орамын бұрамын тауып, қисымын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, текемет оюға болады. Ана тілінсіз халық болмайды.Тілінен айырылған ұлт-тарихынан, түп тамырынан  айырылған ұлт». Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай,бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да-қазақ тілі.

1-жүргізуші

Біз міне бәріміз бүгін тіл мерекесіне жиналып отырмыз.Мерекелік шарамыз төрт бөлімнен тұрады.

           1. Диктант(балалардың қазақ тілінен сауаттылығын бақылау)

           2. Өз ауылың,қалаң туралы ауызша ойларын айтады.

           3. Мәнерлеп оқу(Көркем сөз шеберліктерін көрсету)

           4. Шабыт-жұлдыз.(балалардың өз өнерлерін көрсету

 

2-жүргізуші

Енді бүгінгі сайысымызды сараптайтын әділ-қазылар алқасымен танысайық.

                   1. Аубакирова Айгүл Сәкеновна(қазақ тілі мұғалімі)

                   2. Омарова Гүлден Ахметжановна(зам.директор)

                    3. Нелина Галина Лентиевна(тәрбие ісінің меңгерушісі)

1-жүргізуші

Сайысқа қатысушы екі топ бар. «Гүлдер»және«Жұлдыз» тобы.

Бірінші бөлім: Диктант.

 

                                         Ана тілі

Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан,кітаптан, газет пен журналдан үйренеді. Қазақ тілі бай тіл.Тілімізді сақтап, дамыту-бәріміздің міндетіміз.

 диктанттан кейін  музикалық үзіліс.

2-жүргізуші

   Өз ауылың қалаң Отаның туралы ауызша ойларын айтады.

Муз.үзіліс     Әскербек Бейбіттің орындауында «Өз елім»қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші

Мәнерлеп оқу «Ана тілі» слайтта жазылған тақпақты оқу.

                     Ана тілің-арың бұл

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілменен әдетті мен жаттадым.

Ең бірінші сол тілменен сыртқа шықты

Сүйгенім,жек көргенім,ұнатқаным.

                                       Сұлтанмахмұт Торайғыров.

 Қазақша би.

2-жүргізуші

Шабыт-жұлдыз балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды бөлім:

Әділ-қазыларға сөз кезегін береміз(марапаттайды)

2-жүргізуші

Лицеиіміздің қазақ тілі мұғалімі Санияз Нұргүл өз шығармашылығынан «Жыр шашу»өлеңін оқиды.

                                    Жыр шашу

Кең ғой байтақ Қазақстан даласы,

Сол далама шабытпен сен қарашы.

Ала таудың асқар биік шыңынан ,

Қуат алған талай ақын санасы.

Неткен дана неткен асыл халқым бар,

Өтті қанша Қарасайдай батырлар.

Бүгінгі ұрпақ бақыты үшін алысып,

Жырмен найза түйреп жатыр сөз зеңгерін ақындар.

Менде ақынмын ақын болам ертең-ақ,

Жыр өрнегі,жыр арқауы жастық шақ.

Жүрегімде қазақ қаны тұрғанда,

Ел жырға қосам соным қақ.

Ана тілі ұлт байлығы,

Деген сөз бар халқымда

Сол байлықтың қойнауында.

Білім дәні жатыр да,

Ұлы тілді құрметтейік.

Ұлт қадірін кірлетпейік,

Қазақ деген асыл сөзді.

Кез-келгенге үрлетпейік.

Ұлы тілді құрметтейік ,

Ұлт қадірін кірлетпейік.

Қазақ деген асыл сөзді ,

Кез-келгенге үрлетпейік.

Болашақтың байламы да,

Нұрлы күнге жол ашу.

Гүл жайнаған өздерің,

 Арнап жаздым«Жыр шашу».

     

  Осымен сайысымыз айақталды сау болыңыздар.

 

Прикреплённые файлы:zyr_sasu.rar
Автор: Санияз Нұргүл
Просмотров: 3189
Дата создания: 8 Октября 2011 г.
Дата редактирования: 8 Октября 2011 г.