Список статей
«Үздік маман» иегерлері

Адамзатты ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл-қиынның қиыны. Себебі әр адам- қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жол дүниесі – өзінше бір әлем. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны әлемдік білім кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайда өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді.

Қазіргі ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсат, міндеттердің салмағы орасан зор болуда. Осы мақсатта жаңа технология яғни «модульдік оқыту» технологиясы бойынша колледжімізде 3-курс студенттері арасында «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша «Үздік маман» деген тақырыпта (Хазы Алмагуль) сайыс өткіздім.

Бұл сайыстың мақсаты:  Үш жыл бойы бойы алған  білімдерін көрсету, сауаттылықтарын көрсету және болашақта қандай маман болуларын дәлелдеу. Сайыс 3-модуль түрінде өтті. Сайысты саралап отыратын әділқазылар да қатысты. Олар 1. Серіктес ретінде- іскер әйелдер төрайымы: Акылбаева С.К.

2. Колледжі әдіскері: Бекмагамбетова С. С.

3. Осы  мамандықта арнай пәндерді өткізетін оқытушы:  Санияз Нұргүл.

4. Ө/о шебері : Игибаева А.М. және жас маман иесі Уатхан Кайролла.

Сайыста оқушылар:  бірінші модульде - білімдерін тест тапсырмасын орындау арқылы көрсетті.

Екінші модульде- екі тілде әр қайсысына берілген құжаттарды  орыс тіліне аударып, оны ауызша ережелерін айту арқылы қорғады. Осы бөлімде сауаттылықтарын көрсетті.

Үшінші модульде – практикалық тапсырмалар яғни оргтехникалық құрылғыларды пайдалана отырып, олармен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті.

Оқушылар өте жоғары деңгейде білімдерін көрсете білді.  Үш модульді қорыта келе сарапшылар «Үздік маман»  номинациясына: Каримбаева Салтанат, Омуртаева Арайлым 1-орын.

«Тиянақты хатшы» номинациясына: Щеглова Анастасия 2-орын

«Сауатты іс жүргізуші » номинациясына: Ахаева Танзила 3-орындарын  берді.

Осындай дәрежелермен оқушыларымызалда өз орындарын тауып, халқына адал қызмет етеді деп сенемін!

Автор: А. Хазы
Просмотров: 86
Дата создания: 13 Февраля 2018 г.
Дата редактирования: 13 Февраля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос